Жәнібек Әлімханұлы «B» үлгісін ашуды талап етті

Жәнібек Әлімханұлы «B» үлгісін ашуды талап етті

WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзіне қатысты допинг дауынан кейін ресми түрде «B» үлгісін ашуды талап етті, деп хабарлайды Prosports.kz

Бұл туралы «Qazaq Style» командасы Instagram парақшасында хабарлады.

Бұған дейін белгілі болғандай, қазақстандық боксшының талдауынан мельдоний табылып, жағымсыз нәтиже титулдық айқасқа бірнеше күн қалғанда анықталған болатын. Әлімханұлы WBA чемпионы Эрисланди Ларамен жекпе-жек өткізуі тиіс еді, алайда допинг дауына байланысты кездесу шұғыл түрде тоқтатылды. Осыдан кейін WBO ішкі тергеу жүргізуді бастады.

Жәнібектің командасы спортшының жазықсыз екенін мәлімдеп, қайта тексерісудің әділдік орнататынына сенім білдіруде.

«Бұл допинг мәселесі де шешіледі… Ең бастысы — біз таза спортшымыз! Қазір талдаудың екінші үлгісін ашуға ресми өтініш бердік. Жауабын күтіп отырмыз», — деп жазды команда өкілдері.

Олардың айтуынша, боксшы рационында, қолданатын витаминдер мен препараттарында ешқандай өзгеріс болмаған. Әлімханұлының штабы бұл жағдайдың ақ-қарасын анықтау үшін «B» үлгісі маңызды рөл атқаратынына сенімді.

Жәнібек Әлімханұлының қанынан допинг табылды

Жәнібек Әлімханұлының орнына Лараға қарсы кім шығады?

Бокс сарапшысы Жәнібек Әлімханұлы қандай жаза алуы мүмкін екенін айтты

Жәнібектің допинг қабылдамағанына сенімдіміз — Туризм және спорт вице-министрі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или