Қазақстандық жас теннисші Ахмади Маханов тарихи нәтижеге қол жеткізді

Қазақстандық жас теннисші Ахмади Маханов тарихи нәтижеге қол жеткізді

Қазақстандық жас теннисші Ахмади Маханов Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан беделді Eddie Herr турнирінде ел тарихында алғаш рет жартылай финалға шықты, хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жарыс 14 жасқа дейінгі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі саналады.

Ақтөбе теннис мектебінің түлегі, Team Kazakhstan мүшесі Ахмади Маханов ширек финалда турнирдің төртінші ракеткасы — Қытай спортшысы Ван Бошиді 6:2, 7:6 (13:11) есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ертең, 5 желтоқсанда, ол Венесуэла өкілі Мехис Игнасиомен кездеседі.E

ddie Herr турнирі жыл сайын қараша–желтоқсан айларында Ник Боллетьери академиясында өтеді. Жарысқа әлемнің 1500-ден астам жас спортшысы қатысады. Турнирдің танымал түлектерінің қатарында Роджер Федерер, Мария Шарапова, Энди Роддик, Елена Янкович, Ана Иванович секілді жұлдыздар бар.

Әлемнің бұрынғы екінші нөмірі араға екі жыл салып тенниске оралды

Қазақстандық теннисші жылдың басты сенсацияларының қатарына енді

Жас қазақстандық теннисшілер ATP рейтингінде ерекше нәтиже көрсетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или