Усик pound-for-pound көшбасын атады

Усик pound-for-pound көшбасын атады


Әлем чемпионы Александр Усик өзіне емес, америкалық Терренс Кроуфордқа әлемнің үздік боксшысы атағы лайық деп санайды, деп хабарлайды Prosports.kz. Оның айтуынша, Кроуфордтың деңгейі қазіргі таңда кез келген спортшыдан жоғары.

Қыркүйекте Кроуфорд Сауль «Канело» Альваресты төрешілердің бір ауыз шешімімен жеңіп, екінші орта салмақта абсолютті чемпион атанған еді. Кейін WBC ұйымы 50 миллион долларлық гонорары үшін комиссия төлемегені себепті оның чемпиондық белбеуін қайтарып алған.

«Менің ойымша, қазір ең мықты боксшы — Терренс Кроуфорд. Бұл — менің жеке пікірім. Оның Канелоны жеңгеніне таңғалған жоқпын. Бокс алдында маған болжам сұрағанда, мүмкіндіктер 50/50 деп айттым, бірақ ішімнен Кроуфорд жеңеді деп сенгенмін», — деді Усик.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или