Чемпиондар лигасы: «Қайрат» - «Андерлехт» матчының тікелей трансляциясы
5 желтоқсанда футзалдан Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының екінші ойыны Алматыда өтеді, онда «Қайрат» Бельгияның «Спортинг Андерлехт» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайрат» пен «Спортинг Андерлехт» арасындағы матчтың тікелей эфирі Қазақстан уақыты бойынша сағат 20:00-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Еске сала кетейік, «Қайрат» бірінші ойында «Спортинг Андерлехтті» сырт алаңда 7-3 есебімен жеңді. «Қайрат» қатарынан Атирсон Оливейра мен Лукас Отанха екі голдан соқты, ал Кайо Руис, Дәурен Тұрсағұлов және Біржан Оразов еншілеріне бір голдан жазды.
Егер «Қайрат» ширек финалға өтсе, «Картахена» (Испания) мен «Сент-Эндрюс» (Мальта) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Бірінші ойында испан клубы қарсыластарына ешқандай мүмкіндік қалдырмай, қарсыласты сырт алаңда 9-1 есебімен тас-талқан етті.
ЧЛ: «Пяст» - «Семей» матчының тікелей трансляциясы
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака қызметінен кетті
Игитаның «Пяст» клубына қарсы матчта не үшін алаңға шықпағаны білгілі болды