ЧЛ: «Пяст» - «Семей» матчының тікелей трансляциясы
5 желтоқсанда «Пяст» футзал Чемпиондар Лигасының 1/8 финалының екінші кезеңінде «Семей» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Пяст» пен «Семей» арасындағы матчтың тікелей эфирі Қазақстан уақыты бойынша сағат 23:00-де басталады, ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Бірінші кезеңде командалар 3:3 есебімен тең түсті, бірақ «Семей» матч аяқталуына бес минут қалғанда 3:0 есебімен ұтып тұрған еді. Дедезиньо қазақстандық команда сапында дубль тіркесе (4-ші және 35-ші минуттарда), Камил Герейханов тағы бір гол соқты (21-ші минутта). «Пьяст» Винисиус Тейшейраның (35-ші және 36-шы минуттарда) екі голы мен Бруно Грасаның (40-шы минутта) бір голының арқасында есепті теңестіріп кетті.
Айта кету керек, бұл матчтың жеңімпазы ширек финалда «Хьорринг» (Дания) мен «Этуал» (Франция) арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды. Бірінші ойында «Этуал» сырт алаңда «Хьоррингті» 4:1 есебімен жеңді.
Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака қызметінен кетті
Футзалдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтті
Игитаның «Пяст» клубына қарсы матчта не үшін алаңға шықпағаны білгілі болды