«Жасың отызға таяғанда не өзгереді?» — Бублик ойымен бөлісті

«Жасың отызға таяғанда не өзгереді?» — Бублик ойымен бөлісті


Қазақстандық теннисші Александр Бублик адамның жасына қарай өзгеруі туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz. Спортшы 30 жасқа жақындап қалса да, өз бойынан айтарлықтай өзгеріс байқамайтынын жеткізді.

Әңгіме барысында Бублик «жас дағдарысы» туралы сұраққа да тоқталды. Ол мұндай өзгерістерді өзіңнен гөрі айналаң жақсырақ байқайтынын айтады: «Әр адам өзі солай емес сияқты көрінеді. Мүмкін, туған-туыстар мен достардан сұрау керек шығар — көп сөйлеп, көп түңіліп жүрген жоқсың ба деп. Өзім ондайды байқамаймын».

Теннисші әлеуметтік желіде көрген бір мысалды айтып, жастың — салыстырмалы ұғым екенін атап өтті: «Бір блогер айтып еді: “Саған 90 болған керемет, себебі сенде 30 болды, ал біреуге 90 ешқашан болмауы мүмкін”. Сол секілді мен де: маған 28 — жақсы. Отыздық маған ешнәрсе әкелмейді деп ойлаймын».

Бублик бүгінгі отыз жастың бұрынғыдан өзгеше екенін де мойындайды, бірақ өз мінезі «ескі қалыпқа жақын» екенін жасырмады: «Иә, қазір 30 — бұрынғы 20 секілді. Бірақ бәріне бірдей емес. Мысалы, мен осы жағынан “кәрі шал” сияқтымын, жаңа нәрселер ұнамайды, жиі ворчу. Ал құрдастарымның ішінде әлі де өте жеңілтек, желікпелері бар. Мен олай емес, ескі тәртіппен жүретін адамның бірімін».

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или