Қазақстандық спортшы Гран-при финалының қысқа бағдарламасында алтыншы орынға ие болды

Қазақстандық спортшы Гран-при финалының қысқа бағдарламасында алтыншы орынға ие болды

Нагоя (Жапония) қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при сериясының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеге Қазақстан атынан Михаил Шайдоров қатысып жатыр.

Қысқа бағдарламада отандасымыз бірнеше қателікке жол беріп, 71.30 ұпай жинады. Осылайша ол аралық есепте алтыншы орында тұр.

Жарыстың көшбасшысы - жапониялық Юма Кагияма (108.77). Екінші орында - Шун Сато (Жапония) - 98.06. Үшінші орынға АҚШ спортшысы Илья Малинин (94.05) жайғасты.

Айта кетейік, ерлер арасындағы еркін бағдарлама 6 желтоқсанда өтеді.

Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың жекелей жарыстағы нәтижелері

15 км жеке жарыста италиялық биатлоншы үздік атанды

Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі: жекелей сайыста ел намысын кімдер қорғайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или