Қазақ чемпионы Ангелина Лукас төрт раундта қарсыласын тоқтатты
Әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Танзания спортшысы Эгине Каянгені мерзімінен бұрын жеңіп, WBF белбеуін иеленді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дубайда өткен бокс кешінде Лукас алғашқы минуттардан-ақ басымдықты өз қолына алды. Төртінші раундтың ортасына қарай Каянге тізерлеп қалып, ары қарай жалғастыра алмады. Арбитр нокдаунды тіркеп, жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Ангелина жекпе-жектен кейінгі жазбасында бұл жеңістің жауапкершілік пен елдің сенімі арқасында келгенін айтты: «Шетелде елдің туын көтеру — үлкен мақтаныш, бірақ жауапкершілік те зор. Рингке шыққанда Қазақстанның қолдауын сеземін, бастысы — сенімді ақтау. Бүгінгі жеңіс — бәріміздің ортақ еңбегіміз. Рақмет! Алға, Қазақстан!»
Айта кетейік, жекпе-жек алдындағы көз түйістіру кезінде Лукас пен Каянгенің арасында кішігірім жанжал шығып, жағдай ушығып кете жаздаған еді.