Қазақ хоккейшілерінің 2026 жылғы әлем чемпионатындағы ойын кестесі жарияланды
Халықаралық хоккей федерациясы әлем чемпионатының бірінші дивизион «А» тобының ойын кестесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл топта Қазақстан құрамасы Франция, Польша, Украина, Жапония және Литвамен күш сынасады.
Турнир 2026 жылдың 2–8 мамыры аралығында Польшаның Сосновец қаласында өтеді. Жарыс қорытындысы бойынша үздік екі құрама 2027 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионына жолдама алады. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Хернингте өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында соңғы орын алып, топ-дивизионнан түсіп қалған еді.
Қазақстан құрамасының матчтары:
2 мамыр, 19:00 — Литва – Қазақстан
3 мамыр, 15:30 — Қазақстан – Жапония
5 мамыр, 22:30 — Қазақстан – Польша
7 мамыр, 19:00 — Украина – Қазақстан
8 мамыр, 15:30 — Қазақстан – Франция