Қазақстан шабуылшысы Михайлис КХЛ-де 600 ойын өткізген хоккейшілер қатарына қосылды

Қазақстан шабуылшысы Михайлис КХЛ-де 600 ойын өткізген хоккейшілер қатарына қосылды


Қазақстан құрамасы мен «Металлург» форварды Никита Михайлис КХЛ-дегі 600-ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz. 3 желтоқсанда өткен кездесуде ол мұзда 14 минут 20 секунд ойнап, қақпаға бір соққы бағыттап, бір шайбамен көзге түсті.

Жалпы алғанда Михайлистің лигадағы көрсеткіші — 327 (146+181) ұпай. Оның 106 ұпайын (47+59) шабуылшы «Металлург» сапында 189 матчта жинаған.

Михайлис КХЛ-де алғаш рет 2014 жылдың 4 қыркүйегінде «Барыс» құрамында «Салават Юлаевқа» қарсы ойынға шыққан. Кейінгі жылдары ол тағы бірнеше маңызды межелерді бағындырды: 100-матч — 2018 жылы, 200-матч — 2019 жылы, 300-матч — 2021 жылы, 400-матч — 2023 жылы, 500-матч — 2024 жылы.

Осылайша Никита Михайлис КХЛ тарихында 600 ойын өткізген 85-ші шабуылшы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или