ҚФФ өкілдері төрешілік мәселелері туралы УЕФА семинарына қатысты
2-4 желтоқсанда Австрияның Вена қаласында УЕФА төрешілік Конвенциясының 5-семинары өтіп, оған 55 ұлттық қауымдастықтың делегаттары қатысты. Қатысушылар Еуропадағы төрешілер қауымдастындағы маңызды мәселелерді талқылап, өз федерацияларында тиімді шешімдерді енгізу тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.
Іс-шараның басты тақырыбы – жас арбитрларды тарту, олардың ұзақ мерзімді дамуына жағдай жасау және кадр тапшылығын азайту . Сонымен қатар, ұлттық қауымдастықтарға арбитрлердің прогресін жүйелі түрде бақылауға және тиімді білім беру бағдарламаларын құруға мүмкіндік беретін заманауи төрешілік дерекқорын қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл сұрақтар бірқатар еуропалық федерация үшін өзекті бағыттар ретінде аталды.
Қатысушылар өзге елдердің үздік тәжірибелерін зерттеп, әдістемелік тәсілдерді талқылады және төрешіліктің даму бағыты туралы пікір алмасты. Сондай-ақ жиынға хоккей және гандбол федерацияларының өкілдері де қатысып, панельдік пікірталас кезінде жан-жақты ақпарат алмасты. Сарапшылар бұл спорт түрлеріндегі ұқсас мәселелер мен оларды шешу жолдары туралы айтып, салыстырмалы көзқарас арқылы жас арбитрлерді қолдау тетіктерін кеңінен түсінуге мүмкіндік берді.
Кездесудің негізгі қорытындыларының бірі футболды қоршаған құрметті орта қалыптастыруда барлық стейкхолдердің (ойыншылар, жаттықтырушылар, клубтар, жанкүйерлер және БАҚ өкілдерінің) қатысуы маңызды болды. Әсіресе жас арбитрлерге қатысты жағымсыз көзқарас мамандыққа деген қызығушылықтың төмендеуінің басты себептерінің бірі екені айтылды. Қатысушылар стадиондарда да, әлеуметтік желілерде де төрешілерді қорлау әрекеттерін жою қажеті атап өтілді.
Семинарға Қазақстан футбол федерациясынан УЕФА төрешілік Конвенциясы панелінің мүшелері Нуну Каштру мен Леонид Калошин, сондай-ақ Конвенция мәселелері бойынша ҚФФ-ның негізгі байланыс тұлғасы Арман Есмұратов қатысты.
Семинарға қатысу жаңа практикалық тәжірибе алмасуға, ірі еуропалық елдерде де, ресурстары шектеулі мемлекеттерде де қолданылатын модельдерді талқылауға және Қазақстанда төрешілікті одан әрі дамытуға пайдалы болуы мүмкін бірқатар идеяларды қалыптастыруға мүмкіндік берді.