Мемлекет басшысы әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев таеквондодан Әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін», – делінген құттықтауда.
Айта кетейік, таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Әлем біріншілігіне барлығы 75 елден 500-ге жуық даянг шебері қатысуда.
Бейбарыс Қаблан жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды
Таеквондодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды