Абылайхан Жүсіпов: Әлем чемпионатына жақсы дайындықпен келдік

Абылайхан Жүсіпов: Әлем чемпионатына жақсы дайындықпен келдік

Бокстан әлем чемпионатының үш мәрте қола жүлдегері Абылайхан Жүсіпов әлем чемпионаты алдында өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бапкерлік штаб алдағы әлем чемпионатына жақсы дайындады. Енді соның нәтижесін көрсетуге тиіспіз. Жарыс алаңың көрдік. Ашық аспан астында өтеді екен. Бірақ барлық боксшылардың жағдайы бірдей. Сондықтан өзімнің әдемі боксымды көрсетемін деген сенімдемін. Өз салмағымда нақты фавориттерді айта алмаймын. Жаһандық додаға барлық ел дайындалып келеді. Енді ринг көрсетеді», - деді Абылайхан Жүсіпов.

Әлем чемпионатында 108 елден 428 боксшы тіркелді. Айта кетейік, қыркүйек айында World Boxing ұйымы өткізген Ливерпульдегі әлем чемпионатына 68 мемлекет жүлдеге таласқан болатын.

Айта кетейік, IBA ұйымы желтоқсандағы әлем чемпионатында бұрын-соңды болмаған қомақты 8 миллион АҚШ долларын тағайындады. Әр салмақ дәрежесінің жеңімпазы 300 000 АҚШ доллары, күміс жүлдегерге 150 000 АҚШ доллары, қола жүлдегерге 75 000 АҚШ доллары, бесінші орынға 10 000 АҚШ доллары табысталады. Сыйақының 50%-ы боксшыға, 25%-ы бапкерге, 25%-ы федерацияға беріледі.

ӘЧ-2025: қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталды

Әлем чемпионатына қатысатын қазақ боксшылары белгілі болды

Мемлекет басшысы World Boxing президенті Геннадий Головкинді қабылдады

World Boxing бокстан Әлем кубогы: 2026 жылғы кезеңдердің өтетін орны жарияланды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или