Теренс Кроуфорд бір чемпиондық белбеуінен айырылды
38 жастағы америкалық, әлі жеңіліс көрмеген Теренс Кроуфорд екінші орта салмақтағы WBC белбеуінен айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мұндай шешімге себеп – Теренстің WBC желісі бойынша барлық чемпиондар төлеуге міндетті комиссиялық жарнаны төлемеуі. Оның мөлшері Сауль Альвареспен қыркүйек айында өткен жекпе-жек үшін 300 мың долларды құраған. Белгілі болғандай, екінші орта салмақтағы WBC белбеуін енді Хамза Шираз бен Кристиан Мбилли өзара сарапқа салады.
Қазір Кроуфордтың еншісінде WBA Super, IBF, WBO және The Ring титулдары бар.
Жәнібек Әлімханұлының қанынан допинг табылды
Жәнібек Әлімханұлының орнына Лараға қарсы кім шығады?
Бокс сарапшысы Жәнібек Әлімханұлы қандай жаза алуы мүмкін екенін айтты
Жәнібектің допинг қабылдамағанына сенімдіміз — Туризм және спорт вице-министрі