Қазақстан мен Норвегия жастар құрамалары арасында өткен жолдастық ойын қалай аяқталды
7–13 желтоқсан аралығында Словенияның Блед қаласында жасөспірімдер арасында хоккейден Әлем чемпионаты (IA дивизионы) өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осы орайда хоккейден Қазақстан мен Норвегия жастар құрамалары арасында жолдастық ойын ұйымдастырылды.
Матчта есеп екі команда тарапынан алма-кезек өзгеріп отырды. Кездесудің негізгі уақыты 3:3 есебімен аяқталды. Ал, буллиттер сериясында қарсылас команда жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасы сапынан шайба соққан ойыншылар:
- Виталий Божко
- Семен Черкасов
- Корней Корнеев
4 желтоқсан күні Антон Васиннің шәкірттері Словения құрамасына қарсы екінші жолдастық кездесу өткізеді.
«Барыс» ҚХЛ топ-клубының шабуылшысын қатарына қоспақ
Овечкин нәтижелі сериясын жалғастырды
Қазақстан чемпионатының матчы ірі есеппен аяқталды
16 жастағы қазақстандық қорғаушы америкалық клубқа шақырту алды