Қазақстандық таеквондошы жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстандық таеквондошы жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстандық таеквондошы Бейбарыс Қаблан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған жарыстың бірінші күнінде-ақ 87 келіде сынға түскен отандасымыз финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунённен басым түсті.

Бұл Қазақстан жастар құрамасының аталған біріншіліктегі алғашқы медалі болды.

Айта кетейік, 21 жасқа дейінгі әлем чемпионаты алғаш рет ұйымдастырылып жатыр.

3-6 желтоқсан аралығында жалғасатын жаһандық додада 79 елден 452 спортшы бақ сынап жатыр.

Таеквондодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамы белгілі болды

Қазақстаннан спортшылар шорт-тректен әлемдік турдың B финалына шықты

Әлем кубогы кезеңі: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или