Жәнібек Әлімханұлының орнына венесуэлалық Йохан Гонсалес жекпе-жек өткізеді
Танымал инсайдер Дэн Рафаэль IBF және WBA белбеулерінің иегері, қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектен шеттетілгеннен кейін, орта салмақтағы WBA чемпионы Эрисланди Лараға неге тез арада қарсылас табылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әлімханұлынның 15 қарашада алынған допинг-сынамасынан тыйым салынған мельдоний препаратының іздері табылғаны хабарланған еді. Осыған байланысты 7 желтоқсанға жоспарланған Ларамен жекпе-жегі өтпей қалды. Оның орнына кубалық боксшыға жедел түрде жаңа қарсылас венесуэлалық Йохан Гонсалес табылды. Журналистің мәліметінше, Гонсалес бастапқыдан-ақ бұл жекпе-жек үшін қосымша нұсқа ретінде қарастырылған.
«Лара шоуда қалады және орта салмақтағы өз белбеуін Йохан Гонсалеске қарсы жекпе-жекте қорғайды. Ол жаттығып жүрген және жекпе-жекте мәселе туындаған жағдайда дайын тұру үшін резервте болған», - деп жазды Рафаэль өз айдарында.
Бокс сарапшысы Жәнібек Әлімханұлы қандай жаза алуы мүмкін екенін айтты
Жәнібек Әлімханұлының қанынан допинг табылды
Жәнібектің допинг қабылдамағанына сенімдіміз — Туризм және спорт вице-министрі
DAZN журналисі Жәнібек Әлімханұлының жағдайына алаңдаушылық білдірді
Олимпиада чемпионы Жәнібектің жағдайына қатысты пікір білдірді