Globe Soccer Awards әлемнің 2025 жылдағы ең үздік клубы атағына үміткерлер тізімін жариялады
Globe Soccer Awards әлемнің 2025 жылдағы ең үздік клубы атағына үміткерлердің соңғы тізімін жариялады — оған Еуропа, Оңтүстік Америка және Африкадан сегіз команда енді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұйымдастырушылар Globe Soccer Awards нұсқасы бойынша әлемнің үздік клубы атағын сарапқа салатын сегіз финалисті жариялады: «Әл-Ахли» (Мысыр), «Барселона» (Испания), «Бавария» (Германия), «Челси» және «Ливерпуль» (екеуі де — Англия), «Фламенго» (Бразилия), «ПСЖ» (Франция) және «Спортинг» (Португалия).
2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл номинацияда мадридтік «Реал» жеңімпаз атанған еді. Команда сол жылы Чемпиондар лигасын, Ла Лига, Испания Суперкубогы және УЕФА Суперкубогын жеңіп алған болатын.
16 жастағы футболшы Германия кубогында тарихи рекорд жаңартты
«Ливерпуль» мен «Арсенал» «Реал Мадрид» ойыншысын 85-90 миллион еуроға сатып алуға дайын
«Барселона» «Атлетико Мадридке» қарсы ойын алдында маңызды ойыншысынан айырылды