Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтардың жекелей жарыстағы нәтижелері

Биатлоннан Әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтардың жекелей жарыстағы нәтижелері

Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Турнир аясында әйелдер арасында 15 шақырымдық жекелей жарыс өтті.

Бұл сайыста италиялық Доротея Вирер жеңіске жетті. Екінші орын финляндиялық Соня Лейнамоға бұйырды. Франциялық Камилле Бенед үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстан құрамасының спортшылары жоғары нәтиже көрсете алмады.

Ольга Полторанина - 94-орын, Айша Ракишева - 98-орын, Полина Егорова - 99-орын алды.

15 км жеке жарыста италиялық биатлоншы үздік атанды

Биатлоннан Әлем кубогының кезеңі: жекелей сайыста ел намысын кімдер қорғайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или