Альваро Каррера: «Допинг расталса, Жәнібектің элитадағы жолы қиындайды»

Альваро Каррера: «Допинг расталса, Жәнібектің элитадағы жолы қиындайды»


DAZN España журналисі, KO a la Carrera подкасының авторы әрі танымал ММА және бокс инсайдері Альваро Каррера Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Каррера бұл жағдайға өкініш білдіріп, жекпе-жек Жәнібек үшін үлкен мүмкіндік болғанын атап өтті: «Өкінішті ситуация. Жәнібек айқын фаворит еді, бұл – оның деңгейін көрсетуге таптырмас мүмкіндік болатын. Мұндай мүмкіндік спортшының өмірін өзгерте алады», — деді ол.

Ол допингке қатысты көзқарасын да ашық айтты: «Бокста допингке нөлдік төзім. Әрине, спортшының өзін қорғауға құқығы бар, бірақ бұл жақсы көрінбейді. Бұл зат жайдан-жай организмде пайда болмайды. Егер расымен алдап соққаны дәлелденсе, онда оның элиталық деңгейдегі мансабы аяқталуы мүмкін».

Сарапшы орта саланың соңғы жылдардағы күйін де сөз етті: «Орта дивизион соңғы жылдары дұрыс дамымай қойды. Қайта-қайта бір нәрсе болып, жақсы жекпе-жектер кейінге шегеріле береді. Бәрі енді ғана жанданып келе жатқанда мұндай жағдайдың болуы – өкінішті».

Еске сала кетейік, IBF және WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBA белбеуінің иегері Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанда Сан-Антониода өтеді деп жоспарланған. Алайда 2 желтоқсанда 15 қарашада тапсырылған сынамадан тыйым салынған мельдоний анықталды. Соның нәтижесінде Лара енді титулын венесуэлалық Хоан Гонсалеске қарсы қорғайтын болды.

Олимпиада чемпионы Жәнібектің жағдайына қатысты пікір білдірді

Эрисланди Лара орта салмақтағы жекпе-жегіне жаңа қарсылас тапты

WBA Жәнібек Әлімханұлының тарихи жекпе-жегіне қатысты ресми мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или