Адам Абрамовитц: «Допинг расталса, Жәнібекке қатаң жаза берілуі керек»
The Ring және Saturday Night Boxing журналының журналисі, Америка бокс жазушылары қауымдастығы мен халықаралық рейтинг комиссияларының мүшесі Адам Абрамовитц Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты ойын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сарапшының айтуынша, егер мельдонийге алынған сынама расталса, қазақстандық боксшыны ауыр жаза күтіп тұр: «Егер бәрі расталса, оны міндетті түрде жазалау керек — әрі мүмкіндігінше қатаң түрде. Әлімханұлынан барлық белбеулерін тартып алады. Одан бөлек, ол дисквалификацияланады», — деді Абрамовитц.
Еске сала кетейік, IBF және WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен WBA чемпионы Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанда Сан-Антониода өтуі тиіс еді. Алайда 2 желтоқсанда 15 қарашада тапсырысылған допинг сынамасынан тыйым салынған мельдонийдің ізі табылғаны белгілі болды.
Осыған байланысты Лара енді титулын венесуэлалық Хоан Гонсалеспен қорғауға шықпақ.
Олимпиада чемпионы Жәнібектің жағдайына қатысты пікір білдірді
Эрисланди Лара орта салмақтағы жекпе-жегіне жаңа қарсылас тапты
WBA Жәнібек Әлімханұлының тарихи жекпе-жегіне қатысты ресми мәлімдеме жасады