Эстерсундтағы әйелдер бәйгесінде Вирер топ жарды
Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан Әлем кубогының кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz мәліметіне сүйеніп.
Бүгін әйелдер арасындағы 15 шақырымдық жеке жарыс өтті.
Доданың жеңімпазы италиялық Доротея Вирер атанды. Күміс жүлдені фин биатлоншысы Соня Лейнамо иеленсе, алғашқы үштікті француз спортшысы Камилле Бенед түйіндеді.
Қазақстан құрамасының мүшелері бұл жолы жоғары нәтиже көрсете алмады: Ольга Полторанина 94-орынға, Айша Ракишева 98-орынға, Полина Егорова 99-орынға тұрақтады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или