Миркадирова мен Харки WTT Feeder Parma турнирінен қола жүлде алды

Миркадирова мен Харки WTT Feeder Parma турнирінен қола жүлде алды


Қазақстандық үстел теннисшілері Сарвиноз Миркадирова мен Искендер Харки Италияның Парма қаласында өткен WTT Feeder Parma халықаралық турнирінде үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz Olympic.kz дерегіне сүйеніп.

Жұптық аралас санатта өнер көрсеткен спортшылар жарысты сәтті өткізіп, қола жүлдені қоржынға салды.

1/8 финалда Миркадирова мен Харки америкалық-бельгиялық жұп Нандан Нареш пен Лилу Массартты 3:2 есебімен ұтты.

Ширек финалда қазақстандықтар үндістандық Хармит Десаи мен Криттвика Ройды дәл осындай есеппен жеңді.

Жартылай финалда кореялық Чо Сынмин — Ю Сиу дуэтіне қарсы тұрып, 0:3 есебімен жол берді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или