Егор Мехонцев: «Допингке іліккені өкінішті, ережені бәрі сақтауы керек»

Егор Мехонцев: «Допингке іліккені өкінішті, ережені бәрі сақтауы керек»


Олимпиада чемпионы әрі әлемнің экс-чемпионы Егор Мехонцев қазақстандық боксшы, WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz Sports24.kz басылымына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, мұндай жағдайлар әрқашан өкініш тудырады және спортшыны өте қиын жағдайға қалдырады.

«Өкінішті. Біздің спортшылардың допинг дауына ілігіп жатқаны қынжылтады. Бұл антидопинг ережелерін білмеу немесе оларды қасақана бұзу болуы мүмкін. Қалай болғанда да, өте жағымсыз жағдай», — деді Мехонцев.

Ол бұл оқиғаның ең алдымен Жәнібектің өзіне ауыр соққы болғанын атап өтті.

«Спортшының өзіне обал. Бірақ бұл — ойынның заңы. Егер осы жолды таңдасаң, онда ережені сақтауың керек. Допинг сынамаларың таза болуы тиіс», — деді ол.

Еске сала кетейік, Әлімханұлы мен Эрисланди Лараның айқасы 7 желтоқсанда өтуі керек еді. Алайда допинг мәселесіне байланысты кездесу тоқтатылып, «Қазақ стиліне» қарсылас ретінде Йохан Гонсалес тағайындалды.

WBA Жәнібек Әлімханұлының тарихи жекпе-жегіне қатысты ресми мәлімдеме жасады

«Қазақ титанының» келесі жекпе-жегі қашан өтетіні жарияланды

Қазақстан қатысатын әлем чемпионаты кейінге қалдырылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или