Орта салмақтағы WBA белбеуінің иегері Эрисланди Лара келесі кездесуін венесуэлалық Йохан Гонсалеспен өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Лараның бастапқыда WBO және IBF тұжырымдамаларының чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуы керек болған. Алайда Әлімханұлының допинг-тестінен оң нәтиже шыққан соң жекпе-жек тоқтатылды.
Гонсалес соңғы рет наурыз айында рингке шығып, Джарретт Хердті төрешілердің бөлек шешімімен жеңді. Сол кездесуден кейін Херд карьерасын аяқтады.
42 жастағы Лара рингке соңғы рет 2024 жылдың қыркүйегінде шыққан, ол кезде америкалық Дэнни Гарсияны уақытынан бұрын тоқтатып, титулын сәтті қорғаған.
WBA Жәнібек Әлімханұлының тарихи жекпе-жегіне қатысты ресми мәлімдеме жасады
«Қазақ титанының» келесі жекпе-жегі қашан өтетіні жарияланды