Кеңесов: «Қазірше басқа клубтар жайлы ойланатын уақыт емес»
Қазақстан құрамасының үміткері Арман Кеңесов жаңа маусымға дайындықты кіммен бастайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Legalbet.kz-ке сілтеме жасап.
Футболшының сөзінше, ол алдағы оқу-жаттығу жиындарын «Астанамен» өткізбек. «Әзірге «Астананың» жиынына дайындалып жүрмін. «Ертіштен» арендадан оралдым, астаналық клубпен келісімшарттың әлі бір жылы бар. Маған қызығушылық танытып жатқан басқа клубтар бар ма? Бұл туралы ойлануға ерте», — деді ол.
25 жастағы павлодарлық жартылай қорғаушы 2025 жылғы маусымды «Астанада» бастап, жазда туған клубы «Ертішке» маусым соңына дейін арендаға ауысқан. КПЛ-2025 жарысында 4 матчқа қатысып үлгерсе, Бірінші лигада 14 ойында 6 гол соққан.
2022–2024 жылдары Қазақстан құрамасы сапында 4 ойын өткізіп, бір голға пас берген. Transfermarkt бағалауы бойынша Кеңесовтің қазіргі құны — 300 мың еуро.
«Ертіс» өз ойыншыларына қарыз: клуб басшылығы мәлімдеме жасады
Нигериялық футболшы ҚПЛ клубынан кетті
«Ордабасы» бұрынғы президенті қайда жасырынып жүргені белгілі болды