Ресми. Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтпейді

Ресми. Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі өтпейді

WBO және IBF бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен кубалық WBA әлем чемпионы Эрисланди Лара арасындағы жекпе-жек өтпейді, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы танымал журналист Дэн Рафаэль мәлімдеді.

«Шұғыл жаңалық: Мен тыйым салынған мельдоний затына оң сынақ тапсырған орта салмақтағы чемпион Жәнібек Әлімханұлы туралы VADA есебінің көшірмесін алдым. PBC ақпараты бойынша, оның сенбідегі Эрисланди Ларамен жекпе-жегі өтпейді. The Ring тест туралы бірінші болып хабарлады», - деп жазды америкалық журналист әлеуметтік желіде.

Әлімханұлы мен Лара арасындағы үш орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек 7 желтоқсанда Техас штатының Сан-Антонио қаласындағы Frost Bank орталығында өтуі керек еді.


Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының қанынан допинг табылды

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та тұратын қазақтарға үндеу жасады

ESPN журналисі Лараның Жәнібекке қалай қарсы тұра алатынын айтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или