Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының қанынан допинг табылды
WBO және IBF әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының тыйым салынған затқа тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты The Ring басылымына сілтеме жасап.
«Жәнібек Әлімханұлының VADA тестінен кейін тыйым салынған затқа тесті оң нәтиже берді, деп хабарлайды The Ring басылымының тілшісі Майк Коппинджер.
Жәнібектің сенбіге жоспарланған Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жегіне үлкен қауіп төнді. Ерлер арасындағы ең егде жастағы әлем чемпионы Лара WBA титулын басқа қарсыласқа қарсы жекпе-жекте қорғаушы мүмкін», - деп атап өтеді беделді Instagram порталы.
Қазақстан қатысатын Дубайдағы бокстан әлем чемпионаты кейінге қалдырылды
Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та тұратын қазақтарға үндеу жасады
ESPN журналисі Лараның Жәнібекке қалай қарсы тұра алатынын айтты