«Ертіс» өз ойыншыларына қарыз: клуб басшылығы мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желіде павлодарлық «Ертіс» клубы футболшылар мен қызметкерлеріне жалақы бойынша қарыз екені туралы ақпарат тарап кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Telegram арнасында жарияланған жазбаға сүйенсек, Қазақстан премьер-лигасына жолдама алған «Ертіс» командасы өз ойыншылары мен қызметкерлеріне миллиондаған теңге қарыз. Әрі бес айдан бері сыйақылар төленбей келген. Бұған қоса павлодарлық клубтың биылғы Бірінші лигадағы бюджеті 1 млрд 332 млн теңге болғаны көрсетілген.
Аталған ақпаратқа қатысты «Ертіс» ФК ресми мәлімдеме жасады.
— Клубтың ойыншылары мен қызметкерлері алдында жалақы бойынша ешқандай берешегі жоқ. Әлеуметтік желіде таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Футболшылар, жаттықтырушылар және әкімшілік персонал алдындағы барлық қаржылық міндеттеме толық, әрі белгіленген мерзімде орындалған.
Ойыншылардың FIFA-ға жүгінуге дайындалып жатыр деген ақпарат та жалған екендігін мәлімдейміз. «Ертіс» футбол клубы жұмысын жалғастырып, келесі маусымға дайындыққа баса назар аударып отыр, — деп хабарлады клубтан.
Нигериялық футболшы ҚПЛ клубынан кетті