Қазақстан қатысатын Дубайдағы бокстан әлем чемпионаты кейінге қалдырылды
Әлем чемпионатының басталуы бір күнге кейінге қалдырылды. Бұл шешім сейсенбі, 2 желтоқсанда өткен турнирдің техникалық кеңесінде қабылданды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ерлер арасындағы бокстан әлем чемпионаты 2-13 желтоқсан аралығында БАӘ-нің Дубай қаласында өтеді деп жарияланған. Оған Қазақстан құрамасы қатысады.
«Турнирдің ашылу салтанаты 2 желтоқсанда өтеді. Алғашқы жекпе-жектер 3 желтоқсанға жоспарланған болатын, бірақ виза мәселелеріне байланысты кейбір спортшылар Біріккен Араб Әмірліктеріне жете алмағандықтан, жекпе-жектер төртінші желтоқсанда басталады», - деді IBA бас хатшысы Крис Робертс турнир басталар алдындағы техникалық кеңесте.
Александр Усик келесі қарсыласын атады
Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та тұратын қазақтарға үндеу жасады
ESPN журналисі Лараның Жәнібекке қалай қарсы тұра алатынын айтты