Байрақты додада ел намысын 16 спортшы қорғайды
Ертең, 3 желтоқсанда Кенияның Найроби қаласында таеквондодан жастар арасында әлем чемпионаты басталады. Аталған байрақты додоға әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады. Қазақстан құрамасы да жүлде үшін таласқа түседі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионаты алғаш рет өтеді. Аталмыш жарыс жас спортшылар үшін өз әлеуетін көрсетуге таптырмас мүмкіндік болмақ. Босқындар құрамасы (TRT) мен жеке бейтарап спортшыларды (AIN) қоса алғанда 75 елден 452 таеквондошы бақ сынайды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының негізгі көшбасшылары да осы додада өнер көрсетеді.
Жалпы ұлттық құрама тізіміне 16 спортшы енген. Толық құрам төмендегідей:
Ерлер
54 келіге дейін: Еркебұлан Енсегенов;
58 келіге дейін: Жавохирхон Исламов;
63 келіге дейін: Темірлан Тілеулес.
68 келіге дейін: Арслан Ерментаев;
74 келіге дейін: Ергеш Бекасыл;
80 келіге дейін: Батырхан Қусетов;
87 келіге дейін: Батырхан Төлеуғали;
87 келіден жоғары: Бейбарыс Қаблан.
Әйелдер
46 келіге дейін: Ақбота Желеу;
49 келіге дейін: Нұрайым Жұмабек;
53 келіге дейін: Айдана Сүндетбай;
57 келіге дейін: Мария Севостьянова;
62 келіге дейін: Аяулым Асқар;
67 келіге дейін: Аружан Найманбаева;
73 келіге дейін: Назым Махмұтова;
83 келіден жоғары: Алтыншаш Ыдырыс.
Тізімнен Батырхан Төлеуғали, Мария Севостьянова, Бейбарыс Қаблан, Темірлан Тілеулес секілді ұлттық құраманың негізгі спортшыларын көруге болады. Жалпы Қазақстан құрамасының тең жартысы жастар болғандықтан олар да осы жарысқа қатысуға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар аталған таеквондошылар кейінгі халықаралық турнирлерде тұрақты түрде жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. Бұл әлем чемпионатында басты фавориттердің қатарына енуге мүмкіндік береді.