Англия - 2026 жылғы әлем чемпионатының басты фавориті
Opta суперкомпьютері 2026 жылғы әлем чемпионатына арналған болжамдарын жаңартып, турнирде жеңіске жету мүмкіндігі ең жоғары құраманы анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Рейтингінің көшбасына Испания құрамасы шықты – сараптамада олардың жеңіске жету ықтималдығын 17% деп бағалаған.
Сәл артта Франция құрамасы тұр – алгоритм олардың мүмкіндігін 14,1% деп көрсетеді. Үштікті Англия құрамасы түйіндейді, олардың көрсеткіші – 11,8%.
Қазіргі чемпион Аргентина фавориттер рейтингінде небәрі төртінші орында, олардың үлесі – 8,7%. Ең ықтимал үміткерлердің ондығына Германия (7,1%), Португалия (6,6%), Бразилия (5,6%), Нидерланд (5,2%), Норвегия (2,3%) және Колумбия (2%) да кірді.
Үш дүркін «Алтын доп» иегері аяғын сындырып алды
Өзбекстанды әлем чемпионатына алып шыққан маман жаңа клубты тізгіндеді
«Аякс» жанкүйерлері Нидерланды лигасының матчын бұзды. ВИДЕО