Бақдәулет Зүлфикаров «Тұран» сапынан кетті
Өткен маусымда «Тұран» сапында ойнаған шабуылшы Бақдәулет Зүлфикаров Legalbet.kz басылымына алдағы маусымға арналған жоспарын айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Әзірге тек бірнеше клуб қоңырау шалып, қызығушылық білдірді, бірақ нақты ұсыныс алған жоқпын. Қазір клубтар тарапынан қызығушылық бар деген әңгіме мен сыбыстар ғана. Қандай клубтар екенін айта алмаймын.
«Тұран» туралы айтсам – басшылық маған ешкім ештеңе айтпады, маусым аяқталғаннан кейін де хабарласқан жоқ. Клубпен келісімшартым бітті», – деді футболшы.
24 жастағы Бақдәулет Зүлфикаров 2025 жылғы маусымды «Атырау» сапында бастады, алайда маусым айында еркін агент ретінде «Тұранға» ауысты. Нәтижесінде команда Қазақстан Премьер-Лигасынан ұшып кетті. ҚПЛ-2025 турнирінде футболшы 19 матчқа қатысып, 2 гол соғып және 1 гол пасын берген (8 матч – «Атырауда», 11 матч – 2+1 «Тұранда»).
Магомед Адиев кезінде Зүлфикаров Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген тізіміне енгізілген.
Transfermarkt бұл футболшының қазіргі нарықтық бағасын 75 мың еуро деп бағалайды.
Қазақстан чемпионы Суперлиганың үздік сұрмергені атанды