Вардан Минасян қазақстандық клубтың тізгінін ұстауы мүмкін

Вардан Минасян қазақстандық клубтың тізгінін ұстауы мүмкін

Белгілі армяниялық маман Вардан Минасян Legalbet.kz басылымына ҚПЛ-ға қайта оралған ақтаулық «Каспий» клубының бас бапкері қызметіне басты үміткерлердің бірі екені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Әзірге нақты ештеңе жоқ. Тек сөйлесіп жатырмыз. Әртүрлі клубпен келіссөз жүргізіп жатырмын. Соның екеуі – Қазақстаннан. Соның ішінде «Каспий» де бар», – деді маман.

51 жастағы Минасян бұған дейін Қазақстанда «Тобылды» және «Таразды» жаттықтырған. Сондай-ақ ол Армения ұлттық құрамасының бас бапкері болып жұмыс істеді (үш рет – 2007, 2009/2014 және 2018 жылдары), армянның «Пюник» және «Арарат-Армения» клубтарын, Грузияның «Телави» командасын баптады.

Ол алты рет Арменияның ең үздік бапкері деп танылып, командаларымен бұл елдің бес чемпионатын жеңіп алған.

Қазақстан чемпионы Суперлиганың үздік сұрмергені атанды

Дастан Сәтпаев тағы бір әлемдік рейтингке енді

Үш дүркін «Алтын доп» иегері аяғын сындырып алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или