Игорь Сергеев екінші рет Суперлиганың үздік сұрмергені атанды
Ташкенттік «Пахтакор» шабуылшысы Игорь Сергеев карьрасында екінші рет Өзбекстан чемпионатының ең үздік сұрмергені атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.uz сайтына сілтеме жасап.
Осы маусымда форвард Суперлигада 20 гол, ал Өзбекстан кубогында 5 гол соқты.
Бұған дейін Сергеев 2015 жылы да Өзбекстан чемпионатының сұрмергені атанған, ол кезде футболшы 24 рет гол соққан еді. Шабуылшының «Пахтакор» сапындағы жалпы гол саны 153-ке жетті: чемпионатта - 122, кубокта - 19, Чемпиондар чигасында - 12.
Айта кетейік, 2021–2023 жылдары Игорь Сергеев Қазақстан чемпионатында «Ақтөбе» және «Тобыл» командаларында ойнап, қостанайлық клубпен ел чемпионы атанған еді.
Қазақстанда танымал футбол бапкері кенеттен қайтыс болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или