Алматыда күрес түрлерінен Қаазақстан чемпионаты басталды
1 желтоқсанда Алматыда күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Республикалық турнирде алғаш болып грек-рим күресінің спортшылары бозкілемге шықты.
Алғашқы медальдар 55, 63, 72, 77, 82 және 130 келі салмақ сарапқа салынады.
Қазақстан чемпионаты 6 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарыстар Almaty Arena спорт кешенінде өтіп жатыр.
Еліміздің әр өңірінен 1000-ға жуық балуан қатысып, үш стиль бойынша жеңімпаздар анықталады.
Жарыс нәтижесі бойынша бірінші орынға ие болғандардан Қазақстан құрамасы жасақталады, спортшыларға 2026 жылғы Азия чемпионатына және халықаралық додаларға жол ашылады.
Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирін бір жүлдемен аяқтады
Ақтау қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды