Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та тұратын қазаұстандықтарға үндеу жасады

Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та тұратын қазаұстандықтарға үндеу жасады

WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та тұратын қазақтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Америкадағы, әсіресе Техастағы отандастар!

Жекпе-жекке келерде көк тумен келсеңіздер екен! Көп екенімізді көрсетіп Техасты шулатайық! Тарихты бірге жасайық!

Жекпе-жек 6 желтоқсанда Сан-Антониодағы Frost Bank Center аренасында өтеді», — деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жәнібек Әлімханұлы үш атақ үшін болатын жекпе-жек алдында қазақстандықтарға үндеу жасады.

Жәнібек Әлімханұлы — Эрисланди Лара арасындағы үш белбеу үшін жекпе-жек Қазақстан уақытымен 7 желтоқсан күні таңертең Сан-Антониода (Техас штаты, АҚШ) өтеді. 

Айта кетейік, Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін сәуірде Астанада француз Анауэль Нгамиссенге қарсы өткізіп, бесінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен еді.

Александр Усик келесі қарсыласын атады

ESPN журналисі Лараның Жәнібекке қалай қарсы тұра алатынын айтты

Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне уәде берді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или