Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та тұратын қазаұстандықтарға үндеу жасады
WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-та тұратын қазақтарға үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Америкадағы, әсіресе Техастағы отандастар!
Жекпе-жекке келерде көк тумен келсеңіздер екен! Көп екенімізді көрсетіп Техасты шулатайық! Тарихты бірге жасайық!
Жекпе-жек 6 желтоқсанда Сан-Антониодағы Frost Bank Center аренасында өтеді», — деп жазды боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында.
Жәнібек Әлімханұлы үш атақ үшін болатын жекпе-жек алдында қазақстандықтарға үндеу жасады.
Жәнібек Әлімханұлы — Эрисланди Лара арасындағы үш белбеу үшін жекпе-жек Қазақстан уақытымен 7 желтоқсан күні таңертең Сан-Антониода (Техас штаты, АҚШ) өтеді.
Айта кетейік, Әлімханұлы кейінгі жекпе-жегін сәуірде Астанада француз Анауэль Нгамиссенге қарсы өткізіп, бесінші раундта нокаутпен жеңіске жеткен еді.
Александр Усик келесі қарсыласын атады
ESPN журналисі Лараның Жәнібекке қалай қарсы тұра алатынын айтты