«Барыс» ҚХЛ-да «Сибирьден» жеңілді

«Барыс» ҚХЛ-да «Сибирьден» жеңілді

Бүгін ҚХЛ-дің тұрақты маусымындағы кезекті матчтар өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Новосибирскіде жергілікті «Сибирь» елордамыздың «Барысын» қабылдады.

Сібірлік команда бірінші кезеңді өте қарқынды өткізіп, қазақстандық клуб қақпасына жауапсыз үш шайба соқты. «Барыс» сапындағы жалғыз голды Макс Уиллман екінші кезеңнің соңына қарай соға алды.

Үшінші жиырмаминуттықта алаң иелері есепті еселей түсті, бос қақпаға тағы бір шайба соғып, 4:1 есебімен жеңді.

Осылайша «Сибирь» «Барыстан» айырмасын қысқартады, ал елордалық клуб қатарынан төртінші рет жеңіліске ұшырады.

«Сенгім-ақ келеді». «Барыстың» экс-ойыншысы Қазақстан құрамасының Азия чемпионатындағы жетістігі туралы пікір білдірді

Қазақстандық хоккейшінің командасы Канада лигасындағы матчта жеңіске жетті

«Барыс» өз айдынында «Металлургтен» ірі есеппен ұтылды. Матчқа бейнешолу

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или