Вера Звонарева араға екі жыл салып тенниске оралды
Әлемнің бұрынғы екінші ракеткасы Вера Звонарева Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан W100 санатындағы турнирдің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы айналымда ресейлік теннисші әлемнің 238-ракеткасы, хорватиялық Тара Вюртті 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
41 жастағы Звонарева 2024 жылдың көктемінен бері жекелей де, жұптық та сындағы турнирлерге қатыспаған. Қазір ресейлік теннисшінің WTA рейтингінде көрсеткіші жоқ.
Қазақстандық теннисші жылдың басты сенсацияларының қатарына енді
Жас қазақстандық теннисшілер ATP рейтингінде ерекше нәтиже көрсетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или