Қазақстан кикбоксингтен өткен әлем чемпионатында 3 алтын, 10 күміс және 7 қола медаль иеленді
30 қараша күні БАӘ-нің Абу-Даби қаласында кикбоксингтен ересектер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биылғы бәсекеге Ұлттық құрама сапында 49 спортшы қатысып, команда 3 алтын, 10 күміс және 7 қола медаль иеленді. Осылайша Қазақстан жалпыкомандалық есепте 12-орын алды. Барлығы жүлде алған мемлекеттер саны 49. Назарыңызға әлем чемпионатында жүлде алған спортшылар тізімін ұсынамыз:
Фулл-контакт бөлімі:
- Алтын – Нұрасыл Тілектесов (51 кг)
- Алтын – Дінмұхаммед Баймұратов (54 кг)
- Алтын – Батырхан Қуандықов (67 кг)
- Күміс – Мақсат Үсіп (71 кг)
- Күміс – Марғұлан Айдарұлы (75 кг)
- Күміс – Мұса Мерзиев (63,5 кг)
- Күміс – Фазлиддин Сафаров (+91 кг)
- Қола – Лаура Нышанбай (56 кг)
- Қола – Тимур Ганза (81 кг)
К-1 бөлімі:
- Күміс – Жандос Назарбеков (60 кг)
- Қола – Әли Әбутәлі (67 кг)
- Лоу-кик бөлімі:
- Күміс – Әлихан Оздоев (67 кг)
- Күміс – Дулат Дүйсенов (60 кг)
- Күміс – Диас Карманов (57 кг)
- Күміс – Шара Хамзина (65 кг)
- Қола – Нұрман Әбілтай (51 кг)
- Қола – Сарвар Сулайманов (54 кг)
- Қола – Илмаил Люшанло (63,5кг)
- Қола – Бекнұр Дауылбаев (+91 кг)
Лайт-контакт
- Күміс – Нұрсәт Ғалымбекұлы (+94 кг)
Кикбоксинг елімізде бұқаралық сипат алған қоян-қолтық спорт түрінің бірі. Бүгінде мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып келеді әрі биыл ҚР Туризм және спорт министрлігі бекіткен жоғары жетістіктер спорты түрлерінің тізіміне кірді.
Айта кетейік, Абу-Дабидегі чемпионат 21 қарашада басталып, 85 елден 1964 спортшының басын қосты.
Қазақстандық спортшы каратэден әлем чемпионатында күміс медаль алды
Қазақстандық танымал спорт журналисі Диля Ибрагимова өмірден озды