Шавкат Рахмонов салмағында чемпиондық белбеуге лайықты келесі үміткердің аты аталды
ММА жекпе-жектеріне болжам жасайтын X әлеуметтік желісіндегі Liam Picks Fights аккаунты UFC-дің жартылай орта салмағында чемпиондық белбеуге лайықты келесі үміткер туралы өз пікірін бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл дивизиондағы басты үміткерлердің бірі — Қазақстан өкілі Шавкат Рахмонов, ол рейтингте үшінші орында тұр. Алайда спортшы жарақат пен отаға байланысты бір жылға жуық октагонға шыққан жоқ.
«Моралес, сөзсіз, №1 лайықты үміткер. 2026 жылы титул үшін таласуға нақты аргументі бар жалғыз басқа файтерлер — Шавкат Рахмонов (менің ойымша, оған алдымен қайтару жекпе-жегін өткізу қажет) және Иэн Гэрри (ол Шавкаттан жеңілді, сондықтан оған тағы бір ірі жеңіс керек болуы мүмкін)», — деп жазды автор әлеуметтік желіде.
Арман Царукян уақытша белбеуге шығарылмағанына ашықсын айтты
Волкановский Лопеспен өтетін реванш жекпе-жек туралы айтты