Қазақстан ҰОК Қарағанды студенттері үшін білім беру семинарын өткізді

Қазақстан ҰОК Қарағанды студенттері үшін білім беру семинарын өткізді

Қарағанды қаласындағы Қазтұтынуодағы университетінде Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мамандары «Спорт менеджментінің негіздері. Спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында оқу семинарын өткізді.

Іс-шараға «Дене шынықтыру және спорт менеджменті» кафедрасының 1-2 курсында оқитын 100 студент қатысты.

Семинар барысында ҰОК өкілдері Олимпиада қозғалысының рөлі мен Олимпиада ойындарының маңызы жөнінде әңгімелеп, допингке қарсы саясат, спорттық мансаптың аяқталғаннан кейінгі кәсіби даму, спорттағы қауіпсіздік және манипуляцияның алдын алу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ ҰОК-тың спорттық ұйымдармен өзара жұмысы туралы ақпарат берілді.

"Біз өз тәжірибемізбен бөлісуді маңызды деп білеміз және болашақ мамандарға жұмыстың қыр-сырын таныстыру мүмкіндігі туғанына қуаныштымыз.

Студенттер қазіргі спорт саласында жүріп жатқан үдерісті терең түсінсе екен дейміз.

Олардың белсенділігі мен қызығушылығын көру бізді қуантады. Осындай ашық пікір алмасу студенттердің тақырыпты жан-жақты меңгеруіне және спорт саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді", - деп атап өтті ҰОК өкілдері.

Студенттер спорт менеджментінің негізгі қағидалары және спорт саласындағы тәжірибелік жұмыстың ерекшеліктері туралы толыққанды түсінік алды. Бұл семинар болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын қалыптастырудағы маңызды алаң болды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или