Қазақстандық биатлоншылар Швециядағы Әлем кубогы кезеңіндегі алғашқы жарыста өнер көрсетті
Швецияның Эстерсунд қаласында биатлоннан Әлем кубогының бірінші кезеңі басталды.
Жарыс аясында төрт эстафета өтті. Оған Қазақстан құрамасының спортшылары қатысты.
Ерлер эстафетасында Әсет Дүйсенов, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев және Вадим Куралес 14-орын алды.
Ал әйелдер эстафетасында Ольга Полторанина, Милана Генева, Айша Ракишева және Полина Егорова 21-орынға тұрақтады.
Аралас жекелей эстафетада Владислав Киреев пен Милана Генева 15-нәтиже көрсетті.
Сондай-ақ ұлттық құрама аралас эстафетада өнер көрсетті. Кирилл Бауэр, Әсет Дүйсенов, Полина Егорова және Айша Ракишева 23-орынды иеленді.
Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі аясында жекелей жарыс, спринт және із кесу жарыстары да өтеді
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или