«Сібір»-«Барыс». Тікелей трансляция
Дүйсенбі, 1 желтоқсанда «Сібір» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты маусым матчында «Барысты» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Сібір»-«Барыс» матчының тікелей эфирі Қазақстан уақыты бойынша сағат 17:30-да басталады және ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.
32 ойыннан кейін «Барыс» 27 ұпай жинап, Шығыс конференциясының турнир кестесінде соңынан санғанда екінші орында тұр. «Сібір» 31 ойын өткізіп, 21 ұпай жинап, турнир кестесінің төменгі жағында тұр.
Тұрақты маусымның соңғы матчында «Сібір» өз алаңында «Автомобилисттен» 4:2 есебімен жеңілді, ал «Барыс» «Металлургтен» 5:2 есебімен ұтылды.
Қазақстандық хоккейшінің командасы Канада лигасындағы матчта жеңіске жетті
«Барыс» өз айдынында «Металлургтен» ірі есеппен ұтылды. Матчқа бейнешолу