Қазақстаннан екі спортшы шорт-тректен әлемдік турдың B финалына шықты

Қазақстаннан екі спортшы шорт-тректен әлемдік турдың B финалына шықты

Дордрехтте (Нидерланд) шорт-тректен әлемдік турдың төртінші кезеңінің соңғы жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Әйелдер арасында 1500 метрлік қашықтықтың В финалына екі қазақстандық спортшы жолдама алды. ҚР ҰОК мәліметінше, Ольга Тихонова мен Малика Ермек екінші жартылай финалға қатысты. Тихонова төртінші болып келіп, тікелей В финалына шықты.

Ал Ермек алтыншы орын алды. Алайда жарыс барысында оған қарсы ереже бұзылып, спортшымыз жылдамдығын жоғалтып алды. Соның нәтижесінде төрешілер Маликаны В финалына өткізу туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, А финалына әр жартылай финалдан алғашқы екі спортшы, сондай-ақ үшінші орын алғандардың ішіндегі ең үздік уақыт көрсеткішін тіркеген бір ғана спортшы жолдама алады.


Әлем кубогы кезеңі: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі

Қазақстандық шаңғышы Әлем кубогы кезеңінде бақ сынады

Қазақстандық спортшы Финляндияда өткен турнирде бесінші орын алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или