Қазақстанда танымал футбол бапкері кенеттен қайтыс болды

Қазақстанда танымал футбол бапкері кенеттен қайтыс болды

Бүгін 46 жасында «Қайрат» ФК Академиясының жетекшісі Кирилл Сергеевич Кекер күтпеген жағдайда өмірден өтті, деп жазады Prosports.kz сайты алматылық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл — бүкіл клуб үшін орны толмас ауыр қайғы. Он жылдан астам уақыт «Қайрат» жүйесінің ажырамас бөлігі болып, қазақ футболының даму бағытын айқындауға атсалысқан адамның қазасы бәрімізді терең күйзелтті.

Кирилл Сергеевич өз ісіне адал, талапшыл әрі әділ маман еді. Жас ойыншылардың мүмкіндігін ашып, ең маңызды сәттерде қолдау көрсетуді білетін нағыз тәлімгер болатын.

Оның Академияның, негізгі команданың, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының дамуына қосқан үлесі зор. Әр жылдары клуб құрылымында маңызды лауазым атқарды. 2022–2024 жылдары сары-қаралардың негізгі командасын басқарды.

2025 жылы Академияға жетекшілік етіп, сонымен бірге Қазақстан U-19 құрамасымен жұмыс істеп, жаңа буын футболшыларын қалыптастыруды жалғастырды.

«Қайрат» ФК Кирилл Сергеевич Кекердің туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.


Қазақстан футбол клубының жұлдызы клубсыз қалды

Болгариялық бапкер ҚПЛ клубына келуі мүмкін

Дастан Сәтпаев тарихи голын кімге арнағаны белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или