Әсел Қанай әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық каратэші Әсел Қанай қазіргі уақытта Мысыр астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіс тұғырына көтерілер жолда Әсел украиналық Александра Шолохованы 3-2 есебімен жеңіп, 61 келіге дейінгі кумитэ санатында әлемнің үздік үш спортшысының қатарына енді.
Әселдің қоласы осы чемпионаттағы Қазақстанның үшінші медалі болды. Бұған дейін Дидар Әмірәлі де ерлер арасында үздік үштікке кірген, ал Софья Берульцева күміс медаль жеңіп алған болатын.
WKF каратэ - Қазақстанда танымал және кең таралған спорт түрі. 2024 жылы бұл спорт түрі Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі бекіткен жоғары өнімді спорт түрлерінің тізіміне енгізілді.
Қазақстан каратэден әлем чемпионатында күміс медаль алды
Қазақстандық танымал спорт журналисі Диля Ибрагимова өмірден озды