Ла Лигада көшбасшы ауысты. «Реал Мадрид» сырт алаңда ұпай жоғалтты

Ла Лигада көшбасшы ауысты. «Реал Мадрид» сырт алаңда ұпай жоғалтты

Испания Ла Лигасының 14-ші турының «Жирона» мен «Реал Мадрид» арасындағы ойыны аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалар Жиронадағы «Эстадио Муниципаль де Монтиливи» стадионында ойнады. Матч 1-1 есебімен тең аяқталды.

Алаң қожайындарының жартылай қорғаушысы Аззедин Унаи 45-минутта ойынның алғашқы голын соқты. 67-минутта «Реал Мадридтің» шабуылшысы Килиан Мбаппе пенальтиден есепті теңестірді.

Испания лигасында 14 ойыннан кейін «Реал Мадридтің» 33 ұпайы бар және турнир кестесінде екінші орында тұр. «Жирона» 12 ұпаймен 18-ші орында. «Барселона» турнир кестесінде 34 ұпаймен көш бастап тұр.


«Милан» Италия чемпионатында бірінші орынға шықты

Лионель Месси тарихта ең көп голдық пас берген футболшы атанды

Чемпиондар лигасында аптаның үздік ойыншысы белгілі болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или