Темірлан Анарбековке еуропалық клубтар қызығушылық танытуда

Темірлан Анарбековке еуропалық клубтар қызығушылық танытуда

Қысқы трансфер терезесі ашылмай жатып Темірланның есімі Португалияның қос алпауыты — «Бенфика» және «Спортингтің» тізіміне енгені белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Португалиялық журналист Альмейданың хабарлауынша, топ клубтардың скауттары Анарбековке қызығушылық танытуда.

Аталмыш клубтар трансфер үшін 2,5 млн еуро төлеуге дайын және қысқы трансферлік кезең басталғанда футболшыны сатып алуға ресми ұсыныс жасалмақ.

Айта кетейік, «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасының биылғы жалпы кезеңінің үздік ойыншылары қатарынан орын алды. Ол SofaScore бағалау жүйесі бойынша идеал көрсеткіш — 10.0 балл жинаған үздік жеті ойыншының қатарына енді. Еске салсақ, Темірлан Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі Кипрдің «Пафос» клубына қарсы өткен (0:0) матчтан кейін максималды 10.0 бағасын алған еді.

Ал Чемпиондар лигасында жасаған сейвтер саны бойынша қазақстандық қақпашы ОП-10 қатарында. Атап айтсақ сегізінші орында тұр. Бір ескере кететін жайт, «Қайраттың» алғашқы екі ойынында қақпаны Шерхан Қалмұрза қорғаған болатын. Ол аталған екі матчта 11 сейв жасаған.

Сәтпаевтан гол жіберген қақпашы қатаң сынның астында қалды

«Қайрат» - «Олимпиакос» матчына билеттер сатылымға шықты

Болгариялық бапкер ҚПЛ клубына келуі мүмкін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или